Жиделі орта мектебіндегі "Отбасы -орта мектеп " жобасы аясындағы "Тәуелсіз елдің-бақытты отбасы" тақырыбында аудандық семинар » Жиделі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жиделі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жиделі орта мектебіндегі "Отбасы -орта мектеп " жобасы аясындағы "Тәуелсіз елдің-бақытты отбасы" тақырыбында аудандық семинар
05
май
2023

Жиделі орта мектебіндегі "Отбасы -орта мектеп " жобасы аясындағы "Тәуелсіз елдің-бақытты отбасы" тақырыбында аудандық семинар

Жиделі орта мектебінде 5-мамыр күні "Отбасы -орта мектеп " жобасы аясында "Тәуелсіз елдің-бақытты отбасы" тақырыбында аудандық семинар өтті.
Мақсаты: Отбасы-оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы екенін дәлелдеу. Мектепте жүргізіліп жатқан "Отбасы-орта мектеп"жобасын насихаттау.
Семинар мектеп ішіне саяхаттан басталды. Саяхаттың гиді мектебіміздің президенті 9-сынып оқушысы Әбілтай Балауса. Саяхаттың басында Ресей батыры, Халық қаһарманы Б.Бейсекбаевқа өлең жолдары, арнаулары айтылып, гүл шоғы қойылды. Саяхаттың жалғасы математика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Смағұловтың бұрышының алдында арнаулармен жалғасты. Бағдарлама  бойынша мектеп психологі А.Жолдасова "Ғажайып алаң" психологиялық тренинг өткізді. Бастауыш сынып мұғалімі А.Бейсембиева "Отбасы бақыт аясы" сынып сағатын өткізді. Саяхаттың келесі аялдамасы библиокафеде ұласып, ол жерде мектеп кітапханашысы Ә.Бақытжанқызы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында  "Тәтті кітаптар шақырады" атты таныстырылым көрсетті. Жоба аясында буккроссинг бұрышы, электрондық оқулық бұрышы, кітаптардан жасалған білім құдығы көрмеге қойылды. Мағынасы: Оқу инемен құдық қазғандай, яғни кітап бізге шексіз білім беретінін көрсету. Мектебіміздің педагог-ұйымдастырушысы Ж.Кикимбаев "Отбасы-орта мектеп "жобасы бойынша ауылдық жеті отбасының өнерімен таныстырды. Тәжірибе алмасу бөлімінде Ә.Ахметов атындағы орта мектептен келген ұстазымыз Болсынбекова Арайлым Сапарбекқызы "Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Бірлік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Досымбекова Жазира Өрікбаевна "Бақытты отбасының құпиясы" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мектебіміздің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Акулова Аяулым Молдамұратқызы "Бақытыңды балаңнан ізде" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Семинар соңында "Жиделі орта мектебінің" "Жас Ұлан"оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының семинарға қатысушыларға арналған концерттік бағдарламасы өткізілді. Семинар соңында  Балқаш аудандық білім бөлімінің әдіскері Абуова Калдыгул Какировна қорытынды сөз сөйлеп, мұғалімдерді марапаттады.