Әлеуметтік педагогтың жарты жылдық есебі » Жиделі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жиделі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2022

Әлеуметтік педагогтың жарты жылдық есебі

« Жиделі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен, Орақбалға шағын жинақталған бастауыш мектебімен» МКМ

2020-2021 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған
жұмысының жарты жылдық есебі.

Әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – мектебіміздегі жетім және жартылай жетім,көп балалы,аз қамтылған отбасыларынан шыққан,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылар мен ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтік қолдау және әлеуметтік зерттеу жұмыстары
Мектепте тамыз айының 29 жұлдызында бекітілген өндірістік бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.
Тамыз айында 2020-2021 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап, әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық, апталық жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды.
Мектеп бойынша әр отбасының әлеуметтік статусы анықталды. Тізімдері жасалынды. Оқушылардың жалпы саны: 258. Ұл бала -125, қыз бала-133. Жетім және ата ана қамқорлығынсыз қалған бала -1 ,толық емес отбасы бала саны-9, әкесі қайтыс болған-2, жалғыз басты ана-1 , ажырасқан отбасы балалары-6. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 11 отбасы, 26 оқушы бар. Көп балалы 34 отбасы, 98 оқушы. Өгей әкесімен тұратын -1 оқушы, өгей шешесімен тұратын оқушы-6. Үйден оқитын-3 оқушы бар. Әлеуметтік қамқорлықтағы барлық оқушылар кітаппен қамтамасыз етілді. Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасы және картатекасы жасалынды. Соның ішінде: жетім және ата ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың , көп балалы отбасы балаларының, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларының және үйде оқытылатын оқушылардың тізімі жасалынды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ПМПК қорытындылары жинақталып, мүгедек балалар анықталды.
Қазан айында «Жалпы білім беру» қорынан бөлінген 21 планшет, 5 компьютер атаулы әлеуметтік көмек алатын 11 отбасы, 26 оқушыға таратылды. Осы аталған құралдарға инвентаризация жүргізілді. Ата- аналарымен келісім шарт жасалынды. Сонымен қатар 21 оқушыға жеке Beeline номері таратылды. Осыған сәйкес аудандық білім бөліміне тізімі жасалынып, жіберілді.




Қараша айында «Жалпы білім беру» қорынан 14 ноутбук таратылды. Жетім және ата -ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға, үйінде 3-4 оқушысы бар отбасыға келісім шарт, қолхат негізінде берілді. Инвентаризация жүргізіліп, тізімі жасалынды.

Желтоқсан айында «Жалпы білім беру қорынан» бөлінген атаулы әлеуметтік көмек алатын 11отбасы 26 оқушыға оқу құралдары, мектепке ұстайтын сумка, спортивка және аяқ киім таратылды.




Жаңа жыл мерекесіне қарсы әлеуметтік қамқорлықтағы мектебіміздің тұл жетім 2 сынып оқушысы Ғазизқызы Гаухар және әкпесі Ғазизқызы Аяжан Республикалық президент шыршасына қатысып сыйлыққа ие болды.
Сыйлық байланыс бөлімшесі почта арқылы келді. Қораптың ішінде қыстық сырт киім, етік, бас киім, спорттық киім, спорттық аяқ киім және жаңа жылдық тәттілер салынған қорап келді. Балалар Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Кемелұлына видео арқылы өздерінің алғыстарын жолдап, рақметін білдірді.

Балқаш ауданы әкімінің сыйлығына әлеуметтік қамқорлықтағы 7 сынып оқушысы Маратқызы Жанна ие болды, жаңа жылдық сыйлық және сырт киім қыстық куртка берілді.

Мектебіміздің үйден оқитын мүгедек оқушылары Кәдірқызы Інжу , Кәдірқызы Іңкәр, Рахат Исаәли мектеп әкімшілігі атынан, Ғалымұлы Айдос мәдениет үйі қызметкерлері атынан жаңа жылдық сыйлыққа ие болды.


31 желтоқсан күні әлеуметтік қамқорлықтағы аз қамтылған көп балалы 15 отбасының балаларына мектебімізде жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.




Әлеуметтік қамқорлықтағы оқушылардың отбасымен байланыс қадағаланып тұрады.

Әлеуметтік педагог: З.Ш.Ермекбаева