Оқу әдістемелік жұмыстың есебі » Жиделі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жиделі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2022

Оқу әдістемелік жұмыстың есебі

«Жиделі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен Орақбалға шағын жинақталған бастауыш мектебімен»МКМ әдістемелік бірлестік жұмыстарының жұмысы туралы 

                       хабарлама

  «Жиделі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен Орақбалға шағын жинақталған бастауыш мектебімен»МКМ әдістемелік бірлестік                         жоспары құрылып бекітілген. Жоспар бойынша  қыркүйек айында «Оқу үдерісін ұйымдастыру;Жоспарлар,нұсқаулықтар,ақпараттар»тақырыбында №1 әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Жылдық жоспар жасалып, таныстырылды.

15.11-20.11 аралығында  Гуманитар пәндер бірлестігінің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты апталығы өткізілді. Мақсаты: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, үш тілдік саясатты дамыту Аптаның бірінші күні ашылуы, екінші күні үш тілде мақал-мәтел айтты, үшінші күні «Абайды оқы, таңырқа» Абай өлеңдерін, қара сөздерін жатқа айту. Төртінші күні Сөзжұмбақ, ребустар шешу. Бесінші күні үш тілде ән айту. Апталық барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар жүргізді.Атап айтсам қазақ тілінен Қарқынбаева Гүлбағи 9-сыныпта Махамбет Өтемісұлы «Баймағанбет сұлтанға айтқаны». Манакова Фарида 6-сыныпта Абай өмірі мен шығармашылығы. Омарбаева Аяулым ағылшын пәнінен 6-сыныпта «Present Continuous; questions»  граматикалық сабақ. Рахметова Айгерім 5-сыныпта «The month and seasons».  Орыс тілінен Шопанова Ажар 5-сыныпта «Много у меня друзей». Ағылшын пән мұғалімдері «Who is the best?» сайыс сабағы. Орыс тілі пән мұғалімдері Призыв Абая -«Будь человеком» әдеби шара. Қазақ тілінен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайыс сабағы болды

 




Оқушылар сыныптан тыс шараларға жан-жақты дайындықпен белсенді қатысты. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»тілдер апталығының қорытындысы үлкен концерттік шарамен аяқталып қатысқан оқушыларды мадақтамамен құттықтады.Жалпы гуманитар бірлестігінің апталығы бағытталған мақсатына сай өз деңгейінде өткізілді.

Қарашаның  16 күні әдістемелік жұмысты ұйымдастыру  жоспары бойынша 

« Қазақ,орыс тілі пәндері бойынша Эссе құрылымына қойылатын талаптар» тақырыбында таныстырылым жасалды. Таныстырылым мақсаты:Ұстаздарды эссе құрамына қойылатын талаптар және эссе жазу тәртібімен таныстыру.

Қазақ тілі бойынша пән мұғалімі Манакова Ф өз пәні бойынша «Эссе» дегеніміз не?,Шығарма мен эссенің айырмашылығы,эссенің құрылымы туралы түсіндірді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Отарбаева Қ.С орыс тілде таныстырылым жасады.

Мұғалімдерге  үйге «Ұстаз-ұлы есім» тақырыбында  эссе жазуға тапсырма берілді.



Қараша айының 22-26 аралығында  бастауыш сынып бірлестігінің апталыығы өткізілді. Апталық барысында   бес ашық сабақ өткізіліп, талданды. Сыныптан тыс Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай  үлкен шара ұйымдастырылды. Апталық соңында шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталды 



Қараша айында екінші  «Оқушы мен мұғалімнің  бірлескен жұмысы-жетістіктер кепілі» тақырыбында бірлестік жетекшілерінің отырыс өткізілді. Жоспар бойынша «АКТ- пайдалану- құзіреттілікті дамыту» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар мақсаты:Құзыреттілікті дамытудағы АКТ ның тиімділігін оқыту барысында игеру, пайдалану жолдарын іздеу және тәжірибеде қолдану.

 Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері   Смағұлов А.Е қатысты. Семинарда жоспар бойынша мектеп тренері Байділдаев С.Ж «Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану тақырыбында тренинг жүргізіп, Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға не жатады? 2. Оқу құралы ретінде АКТ-ны қалай пайдалануға болады? 3. АКТ-ны күнделікті сабақта пайдаланғанның тиімді

және тиімсіз жақтары  түсіндіріп,қорытынды жасады.