22-желтоқсан күні "LS жүргізу жолдары және күтілетін нәтиже" тақырыбында аймақтық семинар өтті. » Жиделі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жиделі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 22-желтоқсан күні "LS жүргізу жолдары және күтілетін нәтиже" тақырыбында аймақтық семинар өтті.
23
декабрь
2022

22-желтоқсан күні "LS жүргізу жолдары және күтілетін нәтиже" тақырыбында аймақтық семинар өтті.

     22-желтоқсан күні "LS жүргізу жолдары және күтілетін нәтиже" тақырыбында аймақтық семинар өтті. Аймақтық "Өркен"   желілік   кәсіби қоғамдастығының жоспарына сәйкес 22-желтоқсан күні Жиделі орта мектебінде "LS жүргізу жолдары және күтілетін нәтиже" тақырыбында аймақтық семинар өтті.  

      Семинарда «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектебіміздің кітапханашысы Бақытжанқызы Әсел мен 10 сынып оқушылары "Ақбілек" романы бойынша таныстырылым жасады. 

     "LS жүргізу жолдары және күтілетін нәтиже" тақырыбында оқу ісінің меңгерушісі Нурбаева Аяулым "Болашақ" кәсіби қоғамдастығының жұмыс жоспарымен таныстырып, 5-сыныпта жүргізіліп жатқан lesson study зерттеуінің жұмыс ретімен, күтілетін нәтижемен таныстырды. 

     Жолдасова Ажар «Мақсатымыз бір» тақырыбында тренинг өткізді. Абиров Сұлтанғазы, Қоқтыбаев Қайнар, Нурбаева Аяулым 8-сыныпта "Электр тогы, электр тогының көздері" тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді. 

      "Болашақ" кәсіби қоғамдастығының жетекшісі Абдрахманова Сәуле «Функционалдық сауаттылықты дамыту тапсырмаларын әзірлеу жолдары» таныстырылымын жасап, 4-сынып оқушылармен Функционалдық сауаттылықты дамыту тапсырмаларын орындата отырып сабақ өткізді. 

       Семинарды  "Өркен"  желілік    кәсіби қоғамдастығының жетекшісі Кашкеева Алуа қорытындылады.