Есеп » Жиделі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жиделі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2022

Есеп

 «Жиделі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен Орақбалға шағын жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2021-2022 оқу жылындағы мектеп психологының I жарты жылдықта атқарылған жұмысының талдауы

       Жиделі орта мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы психологиялық қызметтің жағымды әлеуметтік  климатты қалыптастыра отырып, баланың  дамуы мен жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.  Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу барысында мұғалімдерге,оқушыларға   ата-аналарға психологиялық кеңес беру. Оқыту мен тәрбиелеуге құндылықтарын арттыру мақсатында баланың оқу және тәрбие процестерін бақылау.

   Баланың интеллектуалдық және жеке тұлға болып қалыптасуын дамыту. Мектепке алғаш келу кезеңі , баланың жаңа жағдайға әлеуметтік психологиялық  бейімделуін зерттеу. Осы мақсатпен бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.


    1-сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің зерделеу жұмысы жүргізілді.

       1-сыныпта 18-оқушы бар.

1-сынып оқушыларының мектепке, оқуға  психологиялық  даярлығы мен бейімділігі Керн Ирасектің әдістемесі бойынша  алынды.Психологиялық жағынан сабаққа оқушылардың белсенділігі өте жақсы.

       Әдістеме бойынша, адамның бейнесін салу,сөздерді   көшіру, нүктелерді көшіру болып табылды. Әр тапсырманың нәтижесі бес ұпайлық жүйемен бағаланды. (1-төмен,5-жоғары)

    Содан  кейін үш тапсырма бойынша жиынтық баға шығарылып, қорытынды жасалынды .

       Бұл жүргізілген жұмыстардың нәтижесінен байқағанымыз, психологиялық  тұрғыдан қарағанда 1-сыныпқа келген оқушылардың 78 % мектепке дайындықпен келген балалар, 22% дайындықсыз келгенін көруімізге болады. Ал,   Керн Ирасек  жұмысы бойынша , оқушылар суретті салуы, және нүктеледі көшірулері жақсы екенін аңғартамыз .

  Жалпы, 1-сынып оқушыларының мұғалімнің талаптарын орындау қабілеттері бақағанымызша жақсы. Сабақ үстінде психологиялық кеңістік сақталған Ұсыныс айтар болсам, 1-сынып  оқушыларының зейінін тұрақтандыру бағытында жұмыстар жүргізіліп, оқушыларды мектеп ережесіне бейімдеу қажет деп есептеймін.

    Сондай ақ, 5-сыныпта  31 оқушы бар. Бастауыш сыныптан  орта буындағы оқуға дайындық деңгейін анықтау диагностикасы жүргізілді.

Мақсаты:

  • Оқушылардың  жеке бастарының  бір-бірімен қатынас жүйесіндегі жағдайлары,ұйымшылдықтары;
  • Оқу барысындағы бірқатар компоненттері;
  • Өзін-өзі бағалауы, ынтасы, қызығушылығы, үрей деңгейі;



     5-сынып оқушыларымен «Мен және қоршаған ортам» тренингі жүргізілді, «Мектепке деген көзқарасың»  атты сауалнама алынды. Сауалнама  12-сұрақтан тұрады, сұрақтарына тоқталып өтсек: 

  • Мектепте ең маңызды не ?
  • Сенің ең жақсы көретін сабағың ?
  • 5-сыныпта қалай оқып жүрсің?
  • Сен үшін мектепте ең жаманы не ?
  • Өзіңнің сабақ үлгеріміңе қанағаттанасың ба? 

Тағы  басқа  сұрақтарға  оқушылар   белсене жауап қайтарды . Сауалнама қорытындысы  шығарылды.

Сондай-ақ, 5 сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау  мониторингін көрсетер болсам:


 


Өзін-өзі жоғары бағалайтындар: 23 оқушы

Өзін-өзі адекватты бағалайтындар: 8 оқушы

Өзін-өзі төмен бағалайтындар: 0




          Бүгінгі таңда 11-сыныпта 4 оқушы білім алуда,  жалпы орта білім беру ұйымдарында бітірушілердің қорытынды мемлекеттік аттестаттауы мен жоғары оқу орындарының қабылдау емтихандары болып табылады.ҰБТ-ға қатысу, оқушыдан терең білім мен біліктілікті  қажет етеді. Әрбір талапкердің ҰБТ-дан жоғары балл жинап, грантпен оқуға түсу мақсаты тұрады, «Мақсаттың орындалуы үшін не істеу керек?» деген сұрақ туындайды.

Осы мақсатта  «Мен өзіме сенемін» атты психологиялық тренинг жүргізілді.




        Мұндағы мақсат: Жеке тұлғаның біліктілік  дағдысын механикалық түрде дамыту емес, танымдық қабілетті дамыған және өзін-өзі көрсете алатын, өз-өзіне сенімді  жеке тұлға,ақыл-ойын толық жеткізе алатын  психологиялық жағынан стресске, яғни, қорқыныш-үрейге қарсы тұратын қасиеттерін дамыту. Психологиялық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру.

Мектеп психологі ретінде ойымды айтар болсам,  қорытынды мемлекеттік аттестаттауы әзірлік кезінде әр оқушының оқу іс-әрекетінің өзгешелігі, оның өзіне тән жеке ерекшеліктерін ескеріп отырса, оқушыда өзіне деген сенімділік пайда болады. Әрбір кездескен қиын сұрақтарға қобалжымай, нақты жауап береді деп ойлаймын.



    5-7 сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін анықтау барысында 5-7  сынып бойынша есту арқылы есте сақтау-  35,7% , көру арқылы есте сақтау-  28,5%, көріп–қайталау арқылы есте сақтау- 35,7% сауалнама   нәтижесі көрсетті.  9-11 сынып оқушыларынан Г.Айзенктің «Жеке тұлғаның өзіндік бағасының психикалық жай-күйі» тесті алынды. 

Мақсаты: Алаңдаушылықты туғызатын оқушыларды анықтау. 




Г.Айзенктің «Жеке тұлғаның өзіндік бағасының психикалық жай-күйі» тестінің 4 қалпы: беймазалылық, фрустрация, агрессия және ригидтілік бойынша алаңдатушылықтың жоғары деңгейін көрсеткен 10-сыныптың 1 оқушысы және 9-сыныптың 1 оқушысы анықталынды. 


1-сынып оқушыларымен «Менің отбасымның бейнесі» тақырыбында сурет салу әдісі  жүргізілді.









5-сынып

 31 оқушы ішінен қатысқан 27-оқушыдан социометрия сауалнамасы алынды. Социометрия жүргізу мақсаты оқушылардың бейімделуі және араларындағы қарым-қатынастарын анықтау, лидер мен шетте қалған балаларды тану болып табылады. Социометрия сауалнамасының қорытындысы бойынша: Лидер-Нұрлыбай Нұрмахамбет, Рахат Ибрагим, Садуахас Нұрзат, Мади Назым, Әбіжан Жанайым, Айдынұлы Айбын, Әбіл Мансұр, Ғаламатқызы Әйгерім және т.б. Қалған оқушылардың бір-бірімен байланыстары орташа деңгейде, шетте қалған бала жоқ. Сонымен, социометриялық анықтауға қарағанда –сынып оқушыларының бір-бірімен қарым-қатынастары жақсы қалыптасқаны байқалады. 

Сондай-ақ, 5-сынып оқушыларынан мазасыздану деңгейін басу мақсатында «Менің өз ойым,  өз таңдауым», «Алақай! Мен 5-сыныпта оқимын» атты тренингтер жүргізілді.




Қорытынды: Оқушылар өз арасында өтілген жаттығулардан алған  барлық әсерлерімен  бөлісті. Тренинг өз септігін тигізді.


      9-сынып оқушыларынан «Мамандық дұрыс таңдай аламыз ба?» сауалнамасы алынды.

Мақсаты: Мамандық таңдауға көмектесу, бағдарлау және өзін-өзі талдау қабілетін дамыту,жауапкершілік сезімін арттыру.  




      Қазан айының ішінде 10-сынып оқушыларына «Мен және менің ортам» атты тренинг жүргізілді .

Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелеу, дұрыс қарым-қатынасқа түсу болып табылады.









  2-сыныпта оқушылардың көңіл күйлерін суретпен жеткізу арқылы бір-бірінің  ойын анық   білу әдісі жүргізілді.



Тренингта балалар бір-бірін деңгейлеріне қарай өз-өздерін дұрыс бағалауды үйреніп, бір-біріне жақын болып, ұйымшыл, береке сезімдеріне кенелді.


Қорытындылай келе, атқарылған жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Негізгі мақсатымыз – оқушыларымызға, педагогта білім беру мекемесіндегі психологиялық климатты оңтайландыру. Осы тараптан психологиялық жұмыстың нәтижелілігін психолог пен  педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынастың біртұтас болуынан, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен педагогтың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отыруынан, ата-анамен байланыста болуынан көрінетінін аңғарта аламыз.




  Педагог-психолог:       Жолдасова. А.А