«Жаратылыстану-өміртану» тақырыбында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер апталығы » Жиделі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жиделі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаратылыстану-өміртану» тақырыбында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер апталығы
27
январь
2023

«Жаратылыстану-өміртану» тақырыбында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер апталығы

     «Жиделі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен Орақбалға шағын   жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 23-27 қаңтар аралығындағы «Жаратылыстану-өміртану» тақырыбында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер апталығы өтті. Апталық 23 қаңтар күні 5-11 сыныптар арасында ұйымдастырылған  «Білім жәрмеңкесінен» басталды. Оқушылар химия, математика, биология, физика, география пәндері бойынша сұрақтар мен логикалық тапсырмалар орындап өз білімдеріне сәйкес білім жәрмеңкесінен сыйлықтарын алды. Оқушылардың әр үзілісте өз білімдерін сынап,  қызығушылығы мен белсенділіктерінің артқанын байқадық. 


     Апта бойы мұғалімдер ашық сабақтар өткізді.  6 А сыныпта математика пәнінен Омарбекова Ғ «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару», 7-сыныпта география пәнінен Аланова Д «Топырақтың экологиялық проблемалары», информатика пәнінен Нурбаева А «Сызықтық алгоритмдерді программалау», биология пәнінен Сатан А «Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру», алгебра пәнінен Алпамышева М « Қысқаша көбейту формулалары»,  физика пәнінен Байділдаев С «Паскаль заңына есептер шығару», 8-сыныпта биология пәнінен Жуманова А «Адам қаңқасының құрылысы. Тірек қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі»,  10-сыныпта Көшербаева М «Модификациялық өзгергіштік» тақырыптарды ашық сабақтары жоғары деңгейде, АКТ пайдалана отырып, сабақтың мақсатын ашатын дидактикалық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылар формативті бағалаудың сан-түрлі әдістерімен бағаланды. 


     Әр күннің үзілістерінде «Инфор-медиа» сайысы, «Ғажайып білім әлемі», «Ойлан тап», «Кім жылдам» интеллектуалды және белсенді әрекеттерді қажет ететін ойындар ұйымдастырылды. Апталықтың жабылу салтанаты «Таланттылар танылсын» тақырыбындағы командалық сайыспен аяқталды.