Мектеп тарихы » Жиделі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жиделі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп тарихы
17
март
2017

Мектеп тарихы

     Жиделі орта мектебі ең алғаш 1933 жылы «Калинин» атындағы бастауыш мектеп болып, 1940 жылға дейін жұмыс істеді. Ол жылдары мектеп басшылары болып Молдабаева Қайша, Сариев Тоғысбай, Оразбаев Тәжібай қызмет атқарады. 1940 жылдың кезінде бұл мектеп «Каганович» атындағы 7 жылдық мектеп болып қайта құрылды.
 
       Ол, 1960 жылға дейін жасөспірімдерге білім мен тәрбие беруде өз үлесін
қосты. Бұл жылдары мектеп директорлары болып, Абдрахманов Бақыт, Қасенов Жәлел, Құтпанбетов Нілдібай, Нүсіпбеков Әлиасқар және Қашқынбаев Қантайлар қызымет атқарды.


 

    1960 жылдың күзінде «Жиделі» 8 жылдық мектеп болып қайта құрылып, ол 1964 жылға дейін оқушыларға тәлім тәрбие беріп, білім нәрімен балаларды толықтырады. 1960-1964 жылдары мектеп директоры болып Бижігітов Бекжігіт қызмет атқарды. Ол кісі өте білімдар, қарапайм, ұйымдастырушылық қабілеті мол адам еді. Сол кісінің сұранысымен 1964 жылдың күзінде 8 жылдық мектеп Жиделі орта мектебі болып, осы өңірдегі қазақ тіліндегі бірден-бір орта мектеп болатын. 1964 жылдан Жиделі орта мектебінде директоры болып мына азаматтар қызмет атқарды:

 Мәнкібаев Шайсұлтан  (1966-70жж), Қожамқұлов Мырзабек (1970-1974жж), Нұров Разақ (1974-75жж), Абдраев Е(1975-1977жж),  Болсынбеков Сапарғазы (1988-2000жж), Абдрахманов Абдыманат (2000-2011жж), Жанат Өмірбекұлы (2011-2013жж), Омарбекова Сәуле( 2013-2016жж), Алмат Саматұлы 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет атқарады.